04 Қыркүйек, 2018

Семейлік мектептерге электрондық журнал енгізіледі

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде биыл «Күнделік.kz» электрондық журналы барлық мектептерде енгізілетін болады.

Семейлік мектептерге электрондық журнал енгізіледі

Электронды жүйеге көшуді қала мектептері 2015-2016 оқу жылдардан бері жоспарға қойған. Қазір жобаға қала бойынша 31 мектеп қосылып отыр. Нәтижесінде 1218 мұғалім мен 9955 оқушы және 8338 ата-ана электрондық журналға тіркелген.

Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері Татьяна Бессарабованың айтуынша, 2020 жылға дейін барлық мектеп электронды журналға көшеді. Бірыңғай жүйеде оқушының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы барлық ақпарат жинақталады. Ата-ана да қалаған уақытында баласының бағасын онлайн түрде көре алады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамызындағы №536 бұйрығы бойынша орта білім беру мекемелері «Күнделік.kz» жүйесіне қосылуды бастаған болатын. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 2020 жылға дейін барлық мектептерде 100% электрондық журнал енгізілмек. Бұл жүйе ұстаздарды қағазбастылықтан босатады.  Ата-аналар үшін оқу қызметінің ашықтығын арттыра түседі», - дейді Татьяна Бессарабова.